Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы шығуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы шығуы мүмкін екенін айтты Фото ©REUTERS

Microsoft негізін қалаушы, кәсіпкер және филантроп Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы әлі де шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft негізін қалаушы, кәсіпкер және филантроп Билл Гейтс коронавирустың "ең жаман" штамы әлі де шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.

Financial Times газетіне берген сұхбатында Билл Гейтс дүние жүзі COVID-19-дың өте жұқпалы және өлімге әкелетін нұсқасына тап болу қаупі әлі де бар екенін мәлімдеді.

"Бұл екіталай. Оның орындалуы бес пайыздан ғана асады. Мен жаман болжам жасағым келмейді, бірақ пандемия кезінде біз оның ең жаман көрінісін әлі көрмеген болуымыз мүмкін", - деді ол.

Гейтстің пікірінше, халықаралық топ құру қажет, оның міндеті жаһандық денсаулыққа төнетін қатерлерді жылдам анықтау және осы салада мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту болады.

Ол ел басшыларын денсаулық дағдарысын "назарда ұстауға" және болашақта пандемияның алдын алу үшін инвестицияны көбейтуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети