Бішкек маңында тасқұламаның астында қалған қазақстандық туристерге құтқарушылар тікұшақпен аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек маңында тасқұламаның астында қалған қазақстандық туристерге құтқарушылар тікұшақпен аттанды

Бішкек маңында болған тасқұламаға қазақстандық құтқарушылар тікұшақпен аттанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мінген "Қазавиақұтқару" тікұшағы 31 шілдеде қазақстандық туристерге көмек беру үшін ұшып шықты. Сағат 06.58-де құтқарушылар Скрябина мұздығына қарай аттанды. Алдын ала мәліметтер бойынша, теңіз деңгейінен 4100 метр биікте бір топ турист тас астында қалған.

"Арасында екі кинологиялық топ бар, он адамнан құрылған РЖҚО жасағы Алматыдан МИ-171 тікұшағымен ұшып шықты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Бішкектен 40 шақырым жерде орналасқан Скрябина мұздығында бір топ турист тасқұламаның астында қалды. Зардап шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Алдын ала болжам бойынша, бір адам қаза тапқан және ол қазақстандық болып шықты. Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтары бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети