"Біз бұл одаққа мүше болмаймыз" - Мирзиеев ЕАЭО жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Біз бұл одаққа мүше болмаймыз" - Мирзиеев ЕАЭО жайлы © gazeta.uz

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kun.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kun.uz.

"Интеграция туралы пікір айтуға рұқсат етіңіз. Біздің көптеген азаматымыз шет елдерде жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей. Біз бұған немқұрайды қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіз. Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздікті бермейді. Тәуелсіздік ел сенетін Президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз", - деді Шавкат Мирзиеев.

Өзбекстан басшысы елде екі миллиард долларға жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдеу процесі басталғанын айтты.

"Дайын өнімді қайда жібереміз. Кім бізді күтіп тұр? Дұрыс, Еуропада қымбат, бірақ стандарттар жасау керек", - деді ол.

Шавкат Мирзиеев өзінің бақылаушы екенінғ яғни мүшесі емес екенін атап өтті.

"Біз қандай артықшылықтары мен кемшіліктері барын көреміз. Біз Владимир Владимировичпен (Путин - авт. түсіндірмесі) Санкт-Петербургте көптеген мәселе бойынша келісімге келдік. Не істесек те біз ұлттық мүддені ескере отырып істейтінімізге сенімді болыңыздар", - деп түйіндеді Өзбекстан президенті.

Сенат төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін үш жылдан бері зерттеп келе жатқанын айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети