03 қараша 2023 17:21

Блогер Аяз Шабутдинов ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/ayazshabutdinov Фото:instagram.com/ayazshabutdinov

Ресейлік БАҚ-та миллионер блогер Аяз Шабутдиновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік БАҚ-та миллионер блогер Аяз Шабутдиновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, Шабутдинов білім беру курстарын сату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

"Бүгін блогер Мәскеуге келді, оны мекенжайда полиция күтіп тұрды. Қазір Шабутдиновтың жағдайы белгісіз", - делінген хабарламада.

Ал Аяз Шабутдиновтың өкілі Baza басылымына оның ұсталғанын жоққа шығарды. Бизнес-жаттықтырушының көмекшісі оның шынымен Ресейде екенін, бірақ ұсталмағанын айтты.

"Бәрі жақсы, жұмыс істеп жатыр. Жаңалықтың қайдан келгенін білмейміз", - деді көмекші.
Аяз Шабутдиновтың қоңырауларға жауап бермейді.

Айта кетейік, Аяз Шабутдинов өзін миллиардер деп атайды. 2013 жылы ол хостел ашып, уақыт өте келе бүкіл хостелдер желісін іске қосты. Кейін ол кофехана ашты. Кейінгі жылдары блогер білім беру курстарын сатумен және инвестициялармен айналысады. Шабутдиновтың Instagram-да екі миллионға жуық оқырманы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети