Boeing "қара жәшігі" Малайзия сарапшыларына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Boeing "қара жәшігі" Малайзия сарапшыларына берілді Малайзиялық ұшақ апатқа ұшыраған жерден табылған "қара жәшік" ©Reuters

Өз өзін тәуелсіз ел деп жариялап үлгерген "Донецкі халықтық республикасының" билігі Украинаның шығыс бөлігінде апатқа ұшыраған Boeing-777 "қара жәшігін" малайлық сарапшыларына табыстады, деп хабарлайды AFP. Тараптар затты беру құжаттарына қол қойды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз өзін тәуелсіз ел деп жариялап үлгерген "Донецкі халықтық республикасының" билігі Украинаның шығыс бөлігінде апатқа ұшыраған Boeing-777 "қара жәшігін" малайлық сарапшыларына табыстады, деп хабарлайды AFP. Тараптар затты беру құжаттарына қол қойды.

Аймақ басшылары ұшақ апаты орын алған жерде аумағы 10 шақырымға пара-пар бөлікте халықаралық сарапшылар зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жағдайда жүргізу үшін атыс-шабысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Малайзиялық делегацияның өкілдері "қара жәшік" зақымданғанымен жалпы бүтін болғанын хабарлап отыр. Өздігінен іште болған әр дыбысты жазып алып отыратын жәшікте кабинадағы әңгімелер толықтай жазылған. Агенттік атап өткеніндей алдын ала мәлімет бойынша "жер-ауа" зымыранымен атып түсірілген әлгі "қара жәшікке" жазылған ақпараттар ұшақ апатының ашылуына қалайша көмектесе алатыны белгісіз болып тұр.  

Еске саламыз, Malaysia Airlines әуекомпаниясының ұшағы шілденің 17-і күні Амстердамнан Куала-Лумпурға бағытына бет алған шағында Украинаның оңтүстік-Шығыс аймағында апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде ұшақта болған барлық 298 адам қаза тапты. Киев пен АҚШ бұл апаттың орын алуына Украина билігіне қарсы жасақтардың қатысы бар деп санайды. Ал өз кезегінде Донецкі өкілдері аса жоғары биіктікте ұшып бара жатқан ұшақты атып түсіретіндей қару өздерінде жоқ екендіктерін мәлімдеп, бұл іске Украина билігін айыптауда.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети