17 шілде күін сағат 16:20 шамасында Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық Boeing-777 жолаушылар ұшағы атып түсірілді. Дерек көздерінің мәліметіне қарағанда ұшақ бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ "Бук" зенит-зымыран кешенінен атылған. Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде.
17 шілде күін сағат 16:20 шамасында Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық Boeing-777 жолаушылар ұшағы атып түсірілді. Дерек көздерінің мәліметіне қарағанда ұшақ бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ "Бук" зенит-зымыран кешенінен атылған. Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Украина мен Ресей тараптары, сондай-ақ өздерін республика деп жариялаған "Донецкі және Луганскі халықтық республикасы" өкілдері әртүрлі баға беруде.
РЕСЕЙ ТАРАПЫНЫҢ БАҒАСЫ
Ресей президенті Владимир Путин:
– Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг-777» ұшағының апатына Украина айыпты. «Сөз жоқ, қайғылы оқиға қай елдің территориясында болса, сол ел жауапты», деді Ресей көшбасшы.
Ресей президентінің айтуынша, ол барлық әскери ведомстволарға осы апатты тексеріп, зерттеуге көмек беруді тапсырған. «Ресей Федерациясы Үкіметінен барлық азаматтық ведосмтволарды жұмылдыра отырып осы оқиғаның анық-қанығын тексеруді сұраймын. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Осы оқиға біздің, Украинаның, бүкіл әлемнің жұмыла әрекет ете алатынын дәлелдеуі тиіс. Бәріміз осы апатқа қатысты объективті ақпарат алуымыз керек», дейді Путин.
Росавиация:
– Малайзиялық «Боингті» атқан украиналық зымыранның негізгі көздегені Ресей президенті Путиннің ұшағы болуы мүмкін.
РИА Новости агенттігінің дерек көзі:
– Украина әскері сәрсенбі күні малайзиялық Boeing апатқа ұшырардан біраз бұрын «Бук» қондырғысын Донецкі аумағына әкелген.
RT телеарнасы:
– «Борисполь» әуежайының қызметкері, тегі испандық авиодиспетчер – Карлос өзінің Twitter парақшасында, малайзиялық авиолайнер апатқа ұшыраудан сәл бұрын радар «Boeing 777» маңында украин әскери ұшағы пайда болғанын жазған. «Boeing 777» радардан жоғалып кетерден үш минут бұрын әскери ұшақтар дәл соның маңынан ұшып өткен еді» деп жазады Карлос.
Сондай-ақ телеарна «Boeing» радардан жоғалып кеткен сол сәтте Киев билігі бізге Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағанын хабарлады. Олар сол сәтте оны қалай білді?» деген Карлостын сөздерін келтіреді.
УКРАИНА ТАРАПЫ
Украина президенті Петр Порошенко:
– Бұл - төтенше оқиға не апат емес, бұл террорлық акт. Бұл соңғы уақытта орын алған үшінші трогедиялық жағдай. Бұған дейін ресейлік террористер Украина Қарулы Күштерінің АН-26 және СУ-25 ұшақтарын атып түсірген. Мен орын алған жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия құруды және оның құрамына Нидерланда мен IKAO Комиссиясы мамандарын қосуды тапсырдым. Бүгінде террористер бір-ақ рет атып 300 адамды жер жастандырды. Қаза тапқандардың арасында әйелдер, балалар, әлемнің әр елінен азаматтар бар. Бүгінде бүкіл әлем нағыз агрессордың шынайы бейнесін көрді. Өйткені қарапайым жолаушыларды апатқа ұшырату халықаралық террористік акт болып саналады. Бұл – дүниежүзіне қарсы бағытталған әрекет.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко:
– Путин құрметпен берген "Бук" зенит-зымыран кешенінің көмегімен террористер Амстердам – Куала-Лумпур бағытындағы азаматтық ұшақты атып түсірді.
«Украинская правда»:
– Украина аумағы арқылы халықаралық дәліз шеңберінде 10 мың метр биіктікте ұшқан әуе көлігімен арадағы байланыс 17 шілде күні жергілікті уақыт 16:20-да үзілген. Ол содырлардың бақылауындағы Грабово тұрағы ауданына құлады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.