Донецк төбесінен құлаған Boeing апатына қатысты Ресейдің қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады деп хабарлайды Lenta.ru. Ведомство Ресей әуе апаты болған ауданда тіркелген жерсерік және радиолокациялық бақылау тіркеген мәліметтерді жария етті.
Донецк төбесінен құлаған Boeing апатына қатысты Ресейдің қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады деп хабарлайды Lenta.ru. Ведомство Ресей әуе апаты болған ауданда тіркелген жерсерік және радиолокациялық бақылау тіркеген мәліметтерді жария етті.
РФ Қарулы күштері бас штабының Шұғыл бас басқарма бастығы Андрей Картополовтың айтуынша, Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing-тің құлауы кезінде жолаушылар кемесі жанында украиндық Су-25 атқыш ұшағы жүрген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе кемелері арасындағы арақашықтық 3-4 шақырымнан әрі аспаған. Сонымен қатар Кортополов Boeing апаты орын алған ауданда Украина әскеріне тиесілі үш дивизионның "Бук" зенитті-зымыранды кешені орнатылғанын айтады.
Ресей қорғаныс министрлігі америкалық жерсерік барлауы тіркеген мәліметтерді сұрап, АҚШ-ты қолқалаған. Ведомство мәліметтері бойынша, малайзиялық лайнердің апатқа ұшырауы уақытында бұл аумақта зымыран бағытын анықтап, оны қадағалайтын АҚШ қорғаныс күштерінің барлау жерсеріктері ұшып өткен.
Алдында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри америкалық биліктің қолында әуе апатына Украинаның шығыс аумағындағы бүлікшілерге қатысы бар куә мәліметтер барын айтқан. Сондай-ақ Керри соңғы айлар барысында Ресей осы аумақтағы сарбаздарға қару-жарақ, соның ішінде зенитті-зымыранды кешенді де тасымалдап отырды деп мәлімдеген. Ресей қорғаныс министрлігіндегілер мұны жоққа шығарған.
Еске сала кетелік, Украинаның оңтүстік-шығысындағы Boeing апаты 17 шілдеде орын алған. Әуе апаты кезінде оның ішіндегі барлық 298 адам мерт болған. Қайғылы оқиға ізін суытпай Киев ұшақты ресейлік мүддедегі сарбаздар атып түсірді деп мәлімдеген. Өз кезегінде Донецк өкілдері жоғары биіктіктегі нысанды жоя алатын қарулары жоқтығын айтқан.