Ресей Федерациясының тергеу комитеті 19 наурызда Дондағы Ростов түбінде "Боинг" лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш себебін атады: техникалық ақау, ауа райының қолайсыздығы және экипаж қателігі, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркинге сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының тергеу комитеті 19 наурызда Дондағы Ростов түбінде "Боинг" лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш себебін атады: техникалық ақау, ауа райының қолайсыздығы және экипаж қателігі, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркинге сілтеме жасап.
"Апаттың түрлі себебі аталып жатыр. Оның ішінде негізгілері - ұшақ экипажы әрекетінің қателігі, техникалық ақау және ауа райының қолайсыздығы. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді Маркин.
Сонымен қатар, екі "қара жәшіктің" де табылғаны белгілі болды. Тергеу амалдарын жүргізуге БАӘ, Франция мен АҚШ мамандары да атсалысады. Апатқа байланысты Ростов облысында жексенбі қаралы күн болып жарияланды. Ұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс әуе транспортының эксплуатациясы және қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу бабы бойынша қозғалды. Дондағы Ростов әуежайы Мәскеу уақыты бойынша 20 наурыз сағат 00.00-ге дейін жабық болады.
Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Дондағы Ростов әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды. Лайнердегі 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі түгелдей қаза тапты.
© RT/YouTube.
Cонымен қатар, LifeNews.ru басылымы оқиға болған жерде түсірілген видеоны жариялады.
Flightradar24 мәліметінше, ұшақ әуежайға қонуға талпынғаннан кейін дереу құлай бастаған. "FZ981 жаңа айналымға жылдамдық алғаннан кейін минутына 21000 фут жылдамдықпен (секундына 106 метр) құлаған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, портал ұшақтың қаланы 10 рет айналғанын хабарлады. Ұшқыш ауа райының жақсаруын күткен болуы мүмкін.
Boeing ұшағының Ростов-на-Дону әуежайы маңында құлағанға дейінгі ұшып өткен жолы. Flightradar24.com сайтнан алынған скриншот.