1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Болгарияда автобус апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты 23 қараша 2021, 10:40

Болгарияда автобус апатқа ұшырап 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Болгарияда автобус апатқа ұшырап 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07.00) София-Благоевград тасжолының 31-шақырымында болды. Жол апаты салдарынан 52 адам отырған автобус өртеніп кеткен.

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Жеті адам, оның ішінде екі әйел мен бес ер адам аман қалды.

Жергілікті өрт сөндіру бөлімі бастығының айтуынша, өрт келеңсіз оқиға салдарынан болған. Аман қалғандардың барлығы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, тамыз айында Нигерияда автобустың соқтығысуы салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram