10 қараша 2019 12:57

Боливия оппозиционерлері мемлекеттік радиостанция мен телеарнаны басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боливияда оппозиция жақтастары мемлекеттік Patria Nueva (RPN) радиостанцияцы мен ұлттық Bolivia TV (BTV) телеарнасын басып алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Боливияда оппозиция жақтастары мемлекеттік Patria Nueva (RPN) радиостанцияцы мен ұлттық Bolivia TV (BTV) телеарнасын басып алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ереуілге шыққандар біздің студияны қоршап алып, екі сағат бойы ұстап отырды. Олар біз журналистік қызметімізді тоқтатпаған жағдайда құрылғыларды қиратамыз деп қорқытты", - деді радистанция директоры Иван Мальдонадо.

Patria Nueva директоры мемлекеттік БАҚ көрсетілімі мен таратылым жүріп жатқан ғимараттан кетуге мәжбүр болғанын айтады. 

Боливия президенті Эво Моралес осыған дейін елде мемлекеттік төңкеріс болғанын айтқан еді, ол Twitter желісіндегі парақшасында ереуілге шыққандарды айыптап, "диктаторлық режимдегідей" әрекет жасап жатыр деп айыптады. 

Боливияда 20 қазанда ереуілдер басталып, әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Осыған дейін, Санта-Крус, Сукре және Кочабамбе қалалалрында ереуілге шыққандарға полиция қосылғаны айтылды. Алайда полиция басшысы ереуілген шыққандар заң бұзбағанын айтты. 

Ереуілге шығуға президент сайлауында дауыстарды санау нәтижесі себеп болған. Жоғарғы сайлау сотының мәліметінше, бірінші айналымда-ақ Моралес жеңіске жеткен, алайда оның қарсыласы Карлос Меса дауыс беру нәтижесін мойындамаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети