19 қазан 2014 | 12:48

Боливия президенті қайта сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эво Моралес. Фото lenta.ru сайтынан алынды Эво Моралес. Фото lenta.ru сайтынан алынды

Боливия президенті Эво Морвелас 61 пайыз дауыс жинап, үшінші мерзімге қайта сайланды, - деп хабарлайды РБК чилилік Segunda басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Боливия президенті Эво Морвелас 61 пайыз дауыс жинап, үшінші мерзімге қайта сайланды, - деп хабарлайды РБК чилилік Segunda басылымына сілтеме жасап.

Трибунал өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Морелас президент сайлауындағы негізгі бәсекелесі, кәсіпкер Самуэль Дориа Мединуды 37 пайыз артық дауыспен жеңген. Самуэль Дориа Медину – оңшыл-орталықшыл "Ұлттық бірлік майданының" атынан қатысқан екен.

Боливия халқы президентін 13 қазанда сайлады. Сонымен қатар, вице-президентті және депутаттар мен сенаторлар палатасы мүшелерінің сайланған күні де осы күн. Морелас пен оның "Социализм жолында" партиясының жақтастары жеңістерін exit polls-тің бірінші нәтижесі жария болған кезде-ақ атап өтті. Аргентина, Уругвай, Венесуэла, Никарагуа және Куба президенттері оны жеңісімен құттықтап жатыр.

Эво Морелас – үндістің аймара тайпасы елдерінің бірінші президенті. Ол оппозицияға арқа сүйей отырып, Боливияның тоғыз департаментінің сегізін жеңіп шықты. Соның ішінде, Санта-Крусты да. Осылай Президент орынтағында 2006 жылдан бері отырған ол енді тағы бес жыл ел басқарады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети