Боррель Ресейден газдан бас тарту шығындарын өтеуге шақырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Боррель Ресейден газдан бас тарту шығындарын өтеуге шақырды Көрнекі сурет: elements.envato.com

Еуропа Одағының сыртқы істер министрі Жозеп Боррель Еуропаның Ресейге энергетикалық тәуелділігін азайту мақсатында ең көп зардап шеккен елдерге өтемақы төлеу керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боррельдің айтуынша, шешім мемлекеттерге біркелкі әсер етпейді. Сондықтан бұл мәселеге жұмыла күш салу қажет. Сонымен қатар, оның пікірінше, Венгрияның ресейлік энергияға тәуелділігі Испанияға тәуелділіктен өзгеше.

"Венгрияның энергияға тәуелділігі Испаниядан өзгеше. Бірыңғай шешім шығаратын кез келді, бірақ бұған жұмыла күш-жігер жұмсау керек. Ең көп зардап шеккендерге өтемақы қажет", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Боррель Еуропа елдерінің Украинадан босқындарды қабылдауға және түрлі мемлекеттерге біркелкі әсер етпейтін Ресейге қарсы санкцияларға жауабын "асимметриялық соққы" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама