Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Боррель Ресейден газдан бас тарту шығындарын өтеуге шақырды 13 сәуір 2022, 17:41

Еуропа Одағының сыртқы істер министрі Жозеп Боррель Еуропаның Ресейге энергетикалық тәуелділігін азайту мақсатында ең көп зардап шеккен елдерге
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Еуропа Одағының сыртқы істер министрі Жозеп Боррель Еуропаның Ресейге энергетикалық тәуелділігін азайту мақсатында ең көп зардап шеккен елдерге өтемақы төлеу керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боррельдің айтуынша, шешім мемлекеттерге біркелкі әсер етпейді. Сондықтан бұл мәселеге жұмыла күш салу қажет. Сонымен қатар, оның пікірінше, Венгрияның ресейлік энергияға тәуелділігі Испанияға тәуелділіктен өзгеше.

"Венгрияның энергияға тәуелділігі Испаниядан өзгеше. Бірыңғай шешім шығаратын кез келді, бірақ бұған жұмыла күш-жігер жұмсау керек. Ең көп зардап шеккендерге өтемақы қажет", - делінген хабарламада.

Боррель Еуропа елдерінің Украинадан босқындарды қабылдауға және түрлі мемлекеттерге біркелкі әсер етпейтін Ресейге қарсы санкцияларға жауабын "асимметриялық соққы" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram