"Бостандық пен демократияны қолдаймыз". Тайвань Қытайға жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Тайвань үкіметінің басшысы Су Чжэньчан Қытай арал маңындағы жаттығулар арқылы аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзуға қарсы әскери күшін "өрескел түрде" қолданғанын айтты. Премьер-министрдің баяндамасы YouTube-те өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тайвань үкіметінің басшысы Су Чжэньчан Қытай арал маңындағы жаттығулар арқылы аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікті бұзуға қарсы әскери күшін "өрескел түрде" қолданғанын айтты. Премьер-министрдің баяндамасы YouTube-те өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Саясаткер Бейжіңді әскери мүмкіндіктерін көрсетуді тоқтатуға шақырды. Оның айтуынша, Тайбэй Бейжіңнің қысымына және оның арал тұрғындарын қорқытудағы әрекеттеріне бағынбайды.

"Қытай аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу үшін соғыс қимылдарын қолданды. Біз ешқашан қысымға бой алдырмаймыз. Біз бостандық пен демократияны қолдаймыз әрі тайваньдықтар есігімізде Қытайдың күш пен қару-жарақ қолдана отырып жүргізіп жатқан қорқынышты әрекеттерін қолдамайды деп сенеміз", - деді Су Чжэнчан.

Ол Қытай үкіметі арал маңында әскери әрекетін тоқтатуы керек екенін атап өтті, өйткені Тайвань ғана емес, басқа мемлекеттер де зардап шегіп жатыр.

"Тайвань ғана зардап шегіп жатқан жоқ. Тіпті көрші елдер де қатты наразылық білдірді, ал АҚШ сияқты бостандықты сүйетін және демократияны қолдайтын елдер мұны қатты айыптады", - деді Тайвань үкіметінің басшысы.

Айта кетейік, Бейжің өз аумағының бір бөлігі деп санайтын Тайвань төңірегіндегі жағдай АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайбэйге сапарынан кейін күрт нашарлады. Саясаткер Қытайдың наразылығына қарамастан, даулы аралға барды. Пелосидің сапарына жауап ретінде Бейжің тарапы Тайвань аймағында ауқымды әскери жаттығулар өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro