Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Бостонда тұтқындалған Диас Қадырбаевты жеті жылға соттау сұралып отыр

28 Мамыр 2015, 11:52
1
Диас Қадырбаев (ортада). © Jane Flavell Collins / AP
Диас Қадырбаев (ортада). © Jane Flavell Collins / AP

АҚШ-та федералдық прокурорлар Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталған Диас Қадырбаевты жеті жылға соттауды сұрап отыр, - деп хабарлайды Lenta.ru Reuters басылымына сілтеме жасап. Айта кетейік, Қазақстан азаматы Диас Қадырбаев - лаңкестікті ұйымдастырушы Царнаетың үш досының бірі.

Прокурорлардың айтуынша, Қадырбаевтың Царнаетың лаңкестікке қатысы бар екенін білгені оның ресейлік әлеуметтік желілерде жазған хабарламаларынан кейін белгілі болған. Ол "Менің ең жақын досымның қолынан келді", "Олар көлікті айдап әкетті, полицейді өлтірді", - деп жазған. 

"Алайда оның Царнаевтың марафонда жарылыс жасау туралы жоспарын білгені немесе сол лаңкестік әрекетте қандай да бір рөл атқарғаны туралы еш дәлел жоқ. Дегенмен ол  тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталды. Қадырбаевтың 25 жылға дейін сотталуы мүмкін еді, алайда ол өз кінәсін мойындағандықтан прокурорлар оның жазасын жеңілдетуді ұйғарды", - делінген жарияланымда.

Еске салайық, қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов қазір Бостанда. Олар 2013 жылы мамыр айында Бостанда болған жарылысқа қатысты істі тергеуге қасақана кедергі келтірді деген айып тағылған болатын. Бұл іске сондай-ақ, америкалық 19 жастағы Робель Филипстің де қатысы бар. Ол жалған ақпарат берді деп айыпталып отыр. Ал Джохар Царнаевтың өзін биыл 15 мамырда АҚШ алқа соты 2013 жылы сәуір айында Бостондағы марафон кезінде лаңкестік жасағаны үшін өлім жазасына кесті, үкім Бостон сотында оқылды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай