Бозбала 11 жастағы досын 17-қабаттан құлатып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бозбала 11 жастағы досын 17-қабаттан құлатып жіберді © Наталья Селиверстова/РИА Новости

Мәскеу түбіндегі Реутовте тергеушілер 11 жастағы ұл баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 17-қабаттан құлап, мерт болған, - деп хабарлайды Lenta.ru РТК өңірлік тергеу басқармасына сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, 30 желтоқсанда 19 жастағы жігіт заттарын алып кету үшін жасы өзінен біршама кіші досымен Мәскеуден Реутовке барған. Жұмыстары біткен соң олар тұрғын үйлердің біріне кіріп, қаланы көру үшін 17-қабатқа көтерілген. Лифт холлында ұл бала терезенің алдына шығып, терезеден басын шығарған, ал жігіт артқы жағынан келіп, қорқытпақшы болып аяғынан ұстап, көтеріп қалған. Ұстап үлгермеген бала құлап кеткен.

Осыдан кейін жігіт терезені жауып, досының телефонын қоқысқа лақтырған. Жігіт қамауға алынды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.04  course up  601.1  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети