Бразилия президенті мен блогердің жанжалы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия президенті мен блогердің жанжалы видеоға түсіп қалды ©REUTERS

Бразилия президенті Жаир Болсонару блогермен қақтығысып, оның ұялы телефонын тартып алмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия президенті Жаир Болсонару блогермен қақтығысып, оның ұялы телефонын тартып алмақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Болсонару Бразилия астанасындағы президент резиденциясы Паласио да Алворада маңында жақтастары алдында сөз сөйлеген. Осы кезде жергілікті блогер Вилкер Леао көпшілікті итеріп өтіп, саясаткерге жақындаған. Леао телефонына өзін видеоға түсіріп, президентке қайта-қайта айғайлап, оны "қорқақ", "жалқау" және Конгресстегі "шошқа бөлшектері" фракциясының "сүйіктісі" деп атаған.

Болсонару алдымен көлігіне отырғаны, бірақ кейін түсіп, ер адамды көйлегі мен білегінен ұстап алып, телефонын алмақ болғаны айтылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары блогерді сүйреп әкеткен.

"Мұны түсірмеңіздер, түсірмеңіздер! Бұл оның наразылық білдіру құқығы, бірақ ол әдепсіздік танытты", - дейді Бразилия президенті өз жақтастарына.

Оқиғадан кейін Болсонару мен Леао бес минут бойы кінәні мойындау туралы мәмілелер, бюджет, салық реформасы және қаруға иелік ету туралы сөйлескен, содан кейін Бразилия көшбасшысы көлігіне қайтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети