Бразилияда коронавирустан бір тәулікте 1349 адам қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда коронавирустан бір тәулікте 1349 адам қайтыс болған © REUTERS

Бразилияда бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1349-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1349-ға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ал өткен тәулікте 1262 адам қайтыс болған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде Бразилия әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны көп елдердің тізімінде 2-орында тұр, ал қайтыс болғандардың саны жөнінен 4-орында тұр.

Соңғы мәліметтер бойынша, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 584 016-ға жетті, ал қайтыс болғандар саны - 32 548. 238 мыңнан аса адам айыққан.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 6,2 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 380 мыңға жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети