Бразилияда коронавирустың тағы бір жаңа түрі анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
@Reuters @Reuters

Бразилия ғалымдары коронавирустың бүкіл елге өте тез таралатын жаңа түрін тапты, әзірше оның шығу тегі белгісіз, - деп хабарлайды Globo.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бразилия ғалымдары коронавирустың бүкіл елге өте тез таралатын жаңа түрін тапты, әзірше оның шығу тегі белгісіз, - деп хабарлайды Globo.

Сан-Паулу университетінің зерттеушілері оны бірінші Мококадан алынған сынамадан анықтады, кейін ол Порту-Феррейрада кеңінен тараған, екі елді мекен де Сан-Паулу штатында орналасқан. Бүгінде коронавирустың жаңа түрі елдің ең бай және халқы көп штатының он қаласында анықталған.

Университеттің зерттеу деректері тұмау мен коронавирус геномдары туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу үшін халықаралық GISAID ұйымына жіберген, онда вирустың бұл түріне P4 деген атау берілді.

Бразилия вирусология қоғамының вице-президенті Жоао Пессоа Араужудың айтуынша, P4 кәдімгі вирусқа қарағанда қауіпті екенін немесе одан да қатты жұғар-жұқпасын анықтау әзірше мүмкін емес. Сарапшылардың пікірінше, ол "бразилиялық" P1 және P2, сондай-ақ "филиппиндік" P3 штамына ұқсас.

"Бізді оның тез тарауы қатты алаңдатып отыр", - деді бразилиялық вирусолог.

Бұған дейін Бразилияда коронавирустың екі штамын бір мезгілде жұқтырудың екі жағдайы тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, "бразилиялық" коронавирус жастарға қауіпті, өйткені жас науқастар ұзақ уақыт күтіп, кейін ғана медициналық көмекке жүгінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro