01 мамыр 2015 | 14:01

Бразилиядағы TV Supren телеарнасында Қазақстандағы сайлау туралы сұхбат шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© embkazbrazil.com © embkazbrazil.com

Бразилиядағы TV Supren телеарнасында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындылары туралы сұхбат шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилиядағы TV Supren телеарнасында Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындылары туралы сұхбат шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстанда өткізілген кезектен тыс президенттік сайлауының қорытындысы туралы бразилиялық TV Supren тәуліктік телеарнасына арнайы сұхбат берді.

"Сайлаушылардың жоғары деңгейдегі көрсеткіші және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын жеңісі оның жоғары беделін, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін күшейтуге және әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған саясатының бүкіл халықтық қолдауға ие екендігін білдіреді деп TV Supren телеарнасынасының Президенті Улиссес Риедл атап өтті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, TV Supren телеарнасынасының президенті жеңіске байланысты Елбасы Назарбаевқа және Қазақстан халқына өзінің ең жоғарғы ілтипатын білдіріп, құттықтауын айтты және одна әрі өркендей беруін тіледі.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде өткен Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы сайлаушылардың көптігімен ерекшеленді. Ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 95 пайызынан астамы дауыс берді. ҚР ОСК нақты мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,75 пайыз дауыс берілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети