12 мамыр 2021 | 09:38

"Бригада" сериалының актері Жеңіс шеруін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бригада" актерлері - Сергей Безруков, Павел Майков, Дмитрий Дюжев және Владимир Вдовиченков "Бригада" актерлері - Сергей Безруков, Павел Майков, Дмитрий Дюжев және Владимир Вдовиченков

"Бригада" сериалындағы Пчела рөлімен танымал ресейлік актер Павел Майков 9 мамырдағы Жеңіс шеруін сынға алды, - деп хабарлайды Газета.Ru.


Иконка комментария блок соц сети

"Бригада" сериалындағы Пчела рөлімен танымал ресейлік актер Павел Майков 9 мамырдағы Жеңіс шеруін сынға алды, - деп хабарлайды Газета.Ru.

"Бұл күні үнсіздік болуы керек, ән айтылмауы керек ...қару-жарақты көрсету емес. Оның қаншалықты қорқынышты болғанын ойлау және одан сабақ алу керек. Ал біз, оған сабақ ретінде қарамаймыз, керісінше қару-жарағымызды шығарамыз", - деді Майков.

"Жеңіс - бұл көз жасы. Соғыс - қорқыныш, өлім және қан. Онда ешқандай романтика жоқ. Мен онда болмадым, бірақ соған сенімдімін", - деді актер.

"Жеңіс - бұл көз жасы. Соғыста жеңімпаз жоқ. Соғыста жеңіске жету мүмкін емес, өйткені соғыста адамдар қаза табады, ал адамдар - ол ғалам", - деді ол.

Сонымен қатар, Майков Жеңіс шеруіне халықтың ақшасы жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін Ресей халық әртісі Дмитрий Назаров "мағынасыз шеруге" қарсы шыққан болатын. Актер Жеңіс күнін өткізудің қалыптасқан нұсқасын сынға алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети