Брюссель әуежайының картасы Парижде теракт ұйымдастыруы мүмкін делінген адамның пәтерінен табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брюссель әуежайының картасы Парижде теракт ұйымдастыруы мүмкін делінген адамның пәтерінен табылды - БАҚ Брюссель әуежайы жарылыстардан кейін. © baltnews.lv

22 наурызда теракт ұйымдастырылған Брюссель халықаралық әуежайының картасы бейнеленген компьютер мен флэшка Афинадағы пәтерден табылды, ол жерде 2015 жылы 13 қарашада Парижде теракт ұйымдастыруы мүмкін делінген Абдельхамид Абауд 2015 жылдың қаңтар айында болған, - деп хабарлайды РИА Новости Belga агенттігіне сілтеме жасап.

Абауд пен оның бөлесі 18 қарашада Париж маңындағы Сен-Дениде жүргізілген арнайы операция барысында өлтірілген болатын.

Сонымен қатар, Бельгия прокуратурасындағылар Афинада Брюссель халықаралық әуежайының картасы бейнеленген компьютер мен флэшканың табылғаны туралы ақпаратты әзірше растаған жоқ.

Еске сала кетейік, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше жанкештінің қатысы бар деп есептейді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети