Брюссельдегі жарылыстардан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брюссельдегі жарылыстардан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ @Terror_Monitor

Брюссельдегі жарылыстардан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брюссельдегі жарылыстардан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17:00-дегі мәлімет бойынша, 2016 жылдың 22 наурызында Брююсельде болған терактілерден зардап шеккендердің және қаза болғандардың ішінде қазақстандықтар жоқ", - деп хабарлады ҚР СІМ Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Брюссель әуежайында екі жарылыс болды, одан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 30-дан астамы зардап шекті. БАҚ мәліметінше, әуежайды жарылғыш затты лаңкес іске қосқан. Осыдан кейін "Ар-Луа", "Шуман" және "Маальбек" метро станцияларында үш жарылыс болды. Жалпы алғанда 21 адам қаза тапты. Елде қатердің жоғары деңгейі енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия королі Филиппке Брюссельдегі терактілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети