Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ альянсынан шығуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ альянсынан шығуы мүмкін - БАҚ Фото ©REUTERS

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің мұнай одақтастары - Сауд Арабиясы мен Ресейге қатысты қысымды күшейтті. Бұл ел ОПЕК+ алянсынан шығуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің мұнай одақтастары - Сауд Арабиясы мен Ресейге қатысты қысымды күшейтті. Бұл ел ОПЕК+ алянсынан шығуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg-ке сілтеме жасап.

"Бұл - ерекше қадам. Өйткені БАӘ көптен бері келіспеушіліктерді көпшілікке жарияламай шешуді ойлап, ешкімнің назарын аудармай жанжалдасудан қашты. Альянстан шығу туралы ескертуі мұнай өндіру туралы келіссөзді тездету үшін жасады ма, әлде шынымен саясатты талқылау аясында қарастырды ма - түсініксіз", - деп жазады Bloomberg.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, Сауд Арабиясы мен БАӘ арасындағы қысым жаздың соңында күшейді. Ол кезде БАӘ ОПЕК+ келісімінде қарастырылған квотадан тыс мұнай өндіру көлемін арттырған. Енді БАӘ квотаны бөлу тәртібімен келіспейді: ел үкіметі оны әділетсіз деп есептейді.

Дегенмен БАӘ ресми өкілдері ОПЕК+ альянсынан шығу туралы мәлімдеме жасамады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети