Бай мемлекеттер тобы фармацевтикалық компаниялардан COVID-19-ға қарсы вакцинаның басым бөлігін сатып алды. Бұл туралы ұлыбританиялық Oxfam үкіметтік емес ұйымының баспасөз хабарламасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сітлеме жасап.

Ұйым мұндай қорытындыны бай елдер мен 5 жетекші фармацевтикалық компаниялар арасында жасалған мәмілелерді талдаған Airfinity компаниясының дерегіне сүйене отырып жасаған. Бұл фармацевтикалық компаниялардың препараттары сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.
Oxfam мәлімдемесінде вакциналарды жасайтын компаниялардың барлық мұқтаж адамға дәрі-дәрмек өндіре алмайтыны жазылған.
"Бес вакцинаның сынақтан сәтті өтуі екіталай. Әлем халқының үштен екісі (61 пайызы) вакцинаны кем дегенде 2022 жылға дейін ала алмайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Oxfam ұйымы америкалық Moderna компаниясы салық төлеушілерден 2,48 миллиард доллар алғанын атап өтті. Алайда компания өзі жасаған вакцинасынан пайда табуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол вакциналарды бай елдерге және АҚШ-қа 12-16 доллардан (бір доза үшін) және басқа елдерге 35 долларға дейін сатқан. Ал AstraZeneca компаниясы вакцинасының 66 пайызын дамушы елдерге беруге ниетті екенін хабарлаған.
"Oxfam және әлемдегі басқа да ұйымдар бәріне қолжетімді, ақысыз вакцинаны жасауға шақырады", - делінген хабарламада.
ДДҰ мәліметіне сәйкес, бүгінде әлемде 29,1 миллион адам коронавирус жұқтырған. 926 мыңнан аса адам аурудан көз жұмған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!