Бірнеше елде Рамазан уақыты шегерілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Жаңа жарты айдың пайда болуын байқау мүмкін емес болғандықтан сот Рамазан айының басталуы туралы шешім қабылдау үшін ертең кешке жиналады", - делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының бұл мәселедегі пікірін көптеген басқа араб елі ұстанады, дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен теологтарының есебіне сүйенеді.

Дегенмен, дүйсенбіде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды. 

Бұл елдерде дүйсенбіде ай туғаны көрінбесе, Рамазан көптеген араб елінде сейсенбіде 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталғаннан кейін пайда болуы мүмкін, дегенмен кейбір елде, соның ішінде Сауд Арабиясында шаңды ауа райына байланысты Шаабан айының басталу күніне күмән бар. Сондықтан Рамазан сәрсенбіге де белгіленуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro