Брюссельдегі Скарбек коммунасындағы Макс Роз көшесін тінту кезінде полиция "Ибрагим Әл Бакрауидің өсиетін" тапты, айта кетейік, ол әуежайдағы жарылысты жасаған өлімші лаңкес делінді. Бұл туралы Бельгияның бас прокуроры Фредерик ван Лев мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ол "әл Бакрауи" асығуы керек екенін, бірақ не істерін білмейтінін жазған. Іздеуде жүргенін, өзін қауіпсіз сезінетінін жазған. Ол бір орында болса түрмеге түсемін деп қорқатынын жазған", - деді прокурор хаттың мазмұнын тілшілерге түсіндіріп.
Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше өлімші лаңкестің қатысы бар деп есептейді. RTBF телерадиокомпаниясының мәліметінше, екі адамның аты-жөні анықталды. Олар - ағайынды Ибрагим және Калид Бакрауилер. Соңғысы, RTBF мәліметінше, жалған құжатпен Брюссельдегі Форе коммунасында баспана жалдап тұрған, бұл тұрғын үйде 18 наурызда полиция Париждегі теракт бойынша басты күдікті Салах Абдесламды ұстаған еді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.