Түркиялық жеке компанияның Boeing-747 жүк тасымалдайтын ұшағының апатқа ұшыраған орнында іздеу шаралары барысында төртінші ұшқыштың мәйіті табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ТЖМ өкілдері айтып берді.
Түркиялық жеке компанияның Boeing-747 жүк тасымалдайтын ұшағының апатқа ұшыраған орнында іздеу шаралары барысында төртінші ұшқыштың мәйіті табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ТЖМ өкілдері айтып берді.
Іздестіру шаралары бүгін таңғы 08.00-ге дейін жалғасты. Лайнердің апатқа ұшыраған жерінде 300-ге жуық құтқарушы, ІІМ-нің 250 қызметкері жұмыс істеп жатыр, 48 әртүрлі техника тартылған. Қырғызстан үкіметі әуе апатынан қаза болғандардың саны өсуі мүмкін, әлі де қираған үйлердің үйінділері толығымен тазартылып біткен жоқ. "Әзірше қанша адамның қайтыс болғаны белгісіз. Біреулер 50 адам дейді, біреулер - 51. Осыған дейін біз 34 адамды таптық. Іздеу шаралары жалғасады", - деді ҚР вице премьер-министрі Мухамметкалый Абулгазиев.
Республикалық сот-сараптама орталығы жеке басы анықталған мәйіттерді туыстарына беріп жатыр. Кеше бірінші жерлеу рәсімдері өтті. Үкімет мәйіттерді жерлеу орнына жеткізуді өз мойнына алды. Сонымен қатар, мемлекет ауруханаға түскендердің емдеу шараларына жұмсалатын қаржыны да көтереді. Қаза болғандар мен зардап шеккен әр отбасы, Қырғызстан үкіметінің шешімімен, 70 мың сомнан (шамамен мың доллар) алады, сонымен қатар ел президентінің арнайы қорынан да қаражат бөлінеді екен. Республиканың бірнеше ведомствосы өздерінің біркүндік жалақысын аударған.
Материалдық көмек, сонымен қатар гуманитарлық көмекті еріктілер Бішкекте және елдің барлық өңірінен жинап жатыр.
Бүгін Бішкекке Халықаралық авиация комитетінің өкілдері келген, олар қырғызстандық мамандармен біріге отырып, әуе апатының себебін анықтайды.
Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан 32 мәйіт тексерілді, оның 13-і балалар.