17 мамыр 2023 | 13:36

Бішкек маңындағы атыс: оқиғаның жәй-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 мамыр таңертең күш құрылымдарының арнайы операциясы жүргізілген Бішкек іргесіндегі ауылдағы қоршау алынып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

17 мамыр таңертең күш құрылымдарының арнайы операциясы жүргізілген Бішкек іргесіндегі ауылдағы қоршау алынып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Еске салайық, қарулы қылмыскер Дмитриевка ауылындағы жеке үйлердің бірінде арнайы жасақ қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, қазір оқиға орнында тергеу тобы мен саперлар жұмыс істеп жатыр.

Арнайы операция жүргізіліп, қылмыскер ұсталған үй толықтай дерлік өртеніп кетті. Оның айналасы мен көршілес көшелер қоршауға алынған.

Үй иесінің әпкесі ер адамның осыдан бірнеше күн бұрын әйел баласымен Ош қаласынан ауылға келгенін айтты.

"Бұл менің әпкемнің үйі. Ол Ресейде тұрады. Үнемі жалдаушыларға жалға береді. Үш-төрт күн бұрын әйелі мен баласы бар ер адам осы үйге көшіп келді. Қарапайым адамдар секілді көрінді. Маңдайында "террорист" екені жазылып тұрмаған соң қайдан білейік оның кім екен. Бұлай болады деп кім ойлады дейсіз. Ақшасын алдын-ала төлеген соң үйге кіргіздік. Ал қазір бүкіл үй өртеніп кетті. Полиция оны басып алуға келгенде әйелі мен баласын алып шығып гранаталарды лақтыра бастады, бүкіл үй опырылып құлады", - деді Марина Мұсаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети