06 қыркүйек 2016 | 16:27

Бішкек түбінде қарулы қарсылық көрсеткен лаңкестің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкек түбінде Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері контртеррористік операция өткізу барысында халықаралық террористік ұйымның ұяшығын анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МҰҚК қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің өкілдеріне хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Бішкек түбінде Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері контртеррористік операция өткізу барысында халықаралық террористік ұйымның ұяшығын анықтады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МҰҚК қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің өкілдеріне хабарлады. 

Бұл лаңкестің 1977 жылғы және республика азаматы екендігі айтылады. ҚР МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде ол арнайы қызмет өкілдеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс нәтижесінде содырдың көзі жойылыпты. Тексеру барысында "Сайга" карабині, қолдан жасалған жарылғыш зат, оқ-дәрі табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта ҚР МҰҚК өкілдері іс қозғап, көзі жойылған содырдың басқа лаңкестермен байланысының бар-жоғын анықтап жатыр. Сонымен қатар, лаңкестің республика территориясында теракт ұйымдастыру жоспары анықталып жатыр.  


Фото ©Tengrinews

Еске салайық, 30 тамызда Бішкекте Қытай елшілігінің ғимаратында теракт болған еді. Оны жанкешті жасаған. Ол ғимараттың қақпасын көлікпен соғып кіріп, жарылыс жасаған. Лаңкес оқиға орнында қаза тапты, елшіліктің төрт қызметкері жарақат алды. Қырғызстанның арнайы қызметі терактіні ұйымдастырған адамды анықтай алмай отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети