Бішкекте 11 журналист қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда сот жаппай тәртіпсіздікке шақыру дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша журналистерді қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда сот жаппай тәртіпсіздікке шақыру дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша журналистерді қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Первомайский аудандық сотының тергеу судьясы шешім шығарып, БАҚ-тың барлық 11 өкілі екі айға Бішкектегі 1-тергеу изоляторына қамауға алынған.

"Айта кетейік, Махабат Тәжібек қызы, Сапар Аманбеков, Азамат Ишенбеков, Сайпидин Сұлтаналиев, Ақтилек Капаров, Тыныстан Асыпбеков, Мақсат Тәжібек ұлы, Жоодар Бузумов, Жұмабек Турдалиев, Айке Бейшекеева және Ақыл Орозбеков ұсталды. Олардың барлығы Temirov Live-тың бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері", - делінген басылым хабарламасында.

Еске салайық, 15 қаңтарда 24.kg интернет-басылымы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері басылым редакциясының кеңсесіне келгенін хабарлады. Бас директор Әсел Оторбаева, бас редакторлар Антон Лымар және Махинур Ниязова жауап алуға жеткізілген. Редакцияға тінту жүргізілді. Редакциялық құрал-жабдықтар мен қызметкерлердің жеке телефондары тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети