Бішкекте қашқын экстремистерді іздеу үшін ботаникалық бақ қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте қашқын экстремистерді іздеу үшін ботаникалық бақ қоршауға алынды © sputnik.kg

Бішкекте ботаникалық бақ қоршауға алынды. Қырғызстанның ІІМ қызметкерлері 12 қазанда түрмеден қашып кеткендерді іздеу үшін ол аймақты қоршап алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте ботаникалық бақ қоршауға алынды. Қырғызстанның ІІМ қызметкерлері 12 қазанда түрмеден қашып кеткендерді іздеу үшін ол аймақты қоршап алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін милицияның аудандық бөліміне бір адам хабарласып, ботаникалық бақта іздеуде жүргендерге ұқсас бір ер адамның жүргенін хабарлаған. Милиция сол төңіректі тексере бастады. Нәтижесінде ботаникалық бақтың аумағынан жылы киімдер, көрпе мен шәйі бар термос табылды. Әзірше қашқындардың ешқайсысы табылған жоқ. Қазір құқық қорғау саласының мамандары табылған заттардың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети