Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бішкекте Қырғызстан Конституциясының өзгеруіне қарсы митинг өтіп жатыр

24 Маусым 2015, 13:24
0
© 24.kg
© 24.kg

Бішкекте Қырғызстан Конституциясының өзгеруіне қарсы митинг өтіп жатыр. Наразылық шарасына 100-ге жуық адам қатысып жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

Шараға қатысушылар ҚР парламенті ғимаратының маңына жиналды. Олар елдегі Негізгі заңның өзгеруіне қарсы. "Біз бір сағаттан бері тұрмыз. Жогорку Кенештің немесе президент әкімшілігінің ең құрғанда бір өкілі шықса екен. Біз ешкімді жазалағымыз келмейді, тек Конституцияға тиіспеулерін сұраймыз. Кіріп, өз талаптарымызды айтқымыз келеді. Мүмкін қалың қабырғадан естімей отырған болар, қоршаудан секіріп өтпейміз", - деді белсенді Мәулен Асқарбеков.

Республикалық құқық қорғау қозғалысы және қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылған наразылық акциясына қатысушылар қоршауға коалициялық парламент фракциясы лидерлері мен Қырғызстан президенті әкімшілігі басшысының сызылған портреттерін іліп қойды. Оларға "Елге тиіспеңдер!", "Бассыздыққа жол жоқ!", "Конституцияға тиіспеңдер!" деп жазылған. Қолдарында "Конституциядан қолдарыңды тартыңдар!" деп жазылған плакат бар, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, бұған дейін Жогорку Кенештің конституциялық заңы мен мемлекеттік құрылымына негізделген адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум өткізу заңның концепциясын мақұлдаған болатын. Өзгеріс енгізуді ұсынушылар конституциялық палатаның статусын өзгертіп, оны сот органдарынан шығарып тастауды, Жоғарғы соттың құрылымын өзгертуді ұсынған болатын. Сонымен қатар, парламент өкілдерінен таңдалынып алынғандар министрліктен кеткеннен екйін қайтадан депутат бола алатыны туралы норма да ұсынылды. Оны премьер-министр мақұлдады.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай