Желіде Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталған соң орталық милиция мен күш құрылымдарының орталық алаңға жиналғандарды таратқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Бішкекте Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталған соң орталық милиция мен күш құрылымдарының орталық алаңға жиналғандарды таратқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі @news.kg парақшасында жарияланды. Видео кадрларынан күш құрылымдарының жиналғандарды қуып жатқаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде митингіге шыққандар қоқыс жәшіктерін өртеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, кеше, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын.
Ал 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған болатын. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған.
Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.
Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған