17 ақпан 2021 | 09:19

Бішкекте такси жүргізушілері "Яндекс.Таксиге" қарсы митингіге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tazabek.kg © tazabek.kg

16 ақпанда Бішкекте жергілікті такси жүргізушілері автошеру жасап, кейін "Яндекс.Таксиге" қарсы митинг ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tazabek және kaktus.media-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

16 ақпанда Бішкекте жергілікті такси жүргізушілері автошеру жасап, кейін "Яндекс.Таксиге" қарсы митинг ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tazabek және kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Такси жүргізушілерінің бірінің айтуынша, сервистегі пайыздық мөлшерлеме жоғары және "Яндекс.Такс " мемлекетке салық төлемейді.

"Бәріміз "Яндексте" жұмыс істедік. Біз мұндай қызметтің елде болуына қарсымыз. Тіпті сервисте жұмыс істейтін такси жүргізушілерінің өзі де мұндай саясатқа қарсы", - деді ол.

Наразылық білдірушілер "Яндекс.Такси" өзін монополист сезінетінін және адамдар жұмысқа барарда және қайтарда тариф көтеретініне шағымданды. "Алайда бұл ақша такси жүргізушілерінің қалтасына түспейді, оны қызмет тікелей алады. Олар тарифті күн сайын таңертеңнен сағат 10-ға дейін көтереді, такси жүргізушілері мен клиенттерді алдайды", - дейді олар. 

Жүргізушілер "Яндекс.Такси" ресми тіркелмегенін, сәйкесінше мемлекет бюджетіне ақша бермейтінін мәлімдеді. 

Такси жүргізушісі Айбек Борубаевтың айтуынша, жергілікті серіктес таксопарк жүргізушілерден қосымша 3-тен 5 пайызға дейін комиссия талап етеді, нәтижесінде олар 15-тен 18 пайызға дейін төлеуге мәжбүр.

"Бұл митинг - іс-шараның екінші бөлігі. Біз "Яндекс.Такси" агрегаторына қарсы шығамыз.  Бұл митингіге қатысуымыздың бірнеше маңызды себебі бар. "Яндекс" Қырғызстан қазынасына салық төлемейді. Біз жүргізуші және жолаушы ретінде сақтандырылмағанбыз.  Мысалы, Мәскеуде осы агрегатордың клиенті апат болған жағдайда бір миллион рубльге сақтандырылған. Сондай-Ақ "Яндекс.Такси" 6 ай ішінде комиссияны екі рет көтерді, Ресейде комиссия 25 пайыз екенін ескере отырып, бізге де сол деңгейге көтереді деп қорқамыз. Бізде бұл компанияға талап жоқ, біз осы сервистің жұмысына еліміздің аумағында тыйым салуды талап етеміз", - деп мәлімдеді Борубаев.

В начале февраля в столице Кыргызстана водители уже проводили митинг и выражали недовольство по поводу увеличения комиссии "Яндекс.Такси". Тогда директор автопарка - партнера "Яндекс.Такси" - заявил, что митинг собрал водитель с поддельными правами. Он сообщил, что повышение комиссии не сказалось на цене поездок.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети