Бішкекте тергеу изоляторынан қашқан соңғы экстремист Алтынбек Итибаевтың көзін жою бойынша операция аяқталды, - деп хабарлайды Zanoza.kg.
Бішкекте тергеу изоляторынан қашқан соңғы экстремист Алтынбек Итибаевтың көзін жою бойынша операция аяқталды, - деп хабарлайды Zanoza.kg.
Қырғызстан астанасының шетіндегі "Достук" тұрғын үй массивіндегі арнайы операция үш сағаттан аса уақытқа созылды. Атыс барысында, алдын ала болжам бойынша, төрт адам қаза тапты. Олар Итибаевтың өзі, оның жақтаушысы, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері және Итибаев тұрған пәтермен көршілес үйдің егесі. Болжам бойынша, оған балконға шыққан кезінде оқ тиген.
Атыс болған орын. © zanoza.kg
Осыған дейін Қырғызстанның Шу облысы Аламүдін ауданында қашқын экстремистердің бірі Еділ Әбдірахманов ұсталған болатын. Әбдірахмановты ұстау кезінде одан қару табылды. Бірақ ол қаруын қолданып үлгерген жоқ, Қырғызстанның Шу аудандық ІІБ қызметкерлері оны байлап тастады.
Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған. Айта кетейік, түрмеден қашып, артынша ұсталған бесеудің үшеуі түрмеде қайтыс болды.