Бішкек қаласының дүкендерінің бірінде белгісіз біреулер үш әйелді соққыға жығып, тонап кеткен. Қарақшылық шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.
Бішкек қаласының дүкендерінің бірінде белгісіз біреулер үш әйелді соққыға жығып, тонап кеткен. Қарақшылық шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.
Зардап шеккен бір әйелдің танысының айтуынша, оқиға 2016 жылы 22 желтоқсанда болған. Әйел адам күнделікті табысты алып кетуге келген кезде белгісіз үш адам кіріп келген. Қаскөйлер үш әйелге шабуыл жасап, 40 мың сомды алып кеткен.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұзақыларды бірден ұстай алмаған. "Сол күні, шамамен сағат 23.00 кезінде полицияға барып арыз жаздық. Милиционерлер келіп, стақандарды жинады, бірақ саусақ іздерін алмады. Камерадан олардың нені ұстап, неге жақындағаны барлығын анық көрініп тұр. Шабуыл жасағандарды бір ай өтсе де әлі ұстаған жоқ", - дейді жәбірленушінің танысы.
Оның айтуынша, зардап шеккендердің біреуі қатты жарақат алған, алайда қазіргі уақытта барлығы сау. "Тепкі астына алған әйел өзін жақсы қорғап қалған, сол себепті оның денесі сырылған, ал тағы бір әйелдің бетінен ұрған, оның бет-аузы көгеріп кетті", - дейді ер адам.
Агенттік Чу аудандық ІІБ-ге хабарласып, мән-жайды сұрастырған. Басқармадағылардың айтуынша, осы іс бойынша Аламедин аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 168-бабы ("Қарақшылық") бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыскерлердің кім екені анықталмаған, тергеу жалғасады.