ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2020 | 11:02
Бішкектегі тәртіпсіздік: Қырғызстанда жағдай қалай болып жатыр?
Кеше, 7 қазанда Қырғызстан депутаттары құпия кездесу өткізіп, елдегі жағдайды талқылады, - деп хабарлайды АКИPress.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше, 7 қазанда Қырғызстан депутаттары құпия кездесу өткізіп, елдегі жағдайды талқылады, - деп хабарлайды АКИPress.
Дереккөз мәліметінше, депутаттар президент Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау туралы сөйлескен.
"40-тан аса адам қатысты, бірақ қанша адам қол қойғанын білмеймін. Біз әлі жинала алмай жатырмыз, таңертең сағат 10-нан отырдық, кеше де отырдық. Мықтыбек Юсупович екінші тараппен де кездесулер өткізді. Қазір үш топ премьер-министр қызметіне түрлі адамдарды ұсынып жатыр: Садыр Жапаров, Өмірбек Бабанов және Тілек Тоқтоғазиев", - деді депутат Рыскелди Момбеков.
Оның айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасын және Үкімет құрамын фракциялар, содан кейін Жогорку Кенеш комитеттері, содан кейін палата қарауы керек.
Бірақ Жогорку Кенеш жинала алмай жатқанына байланысты жағдай күн сайын нашарлап жатыр дейді.
Қырғызстанда депутаттар президентке қатысты импичмент процесін бастады
Кейінірек депутат Аида Қасымалиева елдегі қазіргі жағдайға және президент Сооронбай Жээнбековке арнап жазба жариялады.
"Мен үлкен саясатқа Сооронбай Шәріпұлының командасында келдім. 2017 жылы парламентке келген кезде ол елдің премьер-министрі болды, біз бірге жұмыс істей бастадық.
Сооронбай Шәріпұлы президент ретінде жаман жаққа өзгерген жоқ. Ол мейірімді, қарапайым, еңбекқор және жауапкершілігі мол адам болып қала берді.
Мен өз ойыма, сезіміме және түйсігіме сенемін. Ал қалғаны - саясат.
Сооронбай Шәріпұлы Жээнбеков - менің Президентім. Ол - халықтың Президенті. Мемлекеттің тұтастығы мен егемендігін сақтайық. Президент өз мерзімін аяқтайды. (...) Оның тағы бір қасиеті, ол сынды қабылдайды және қателермен жұмыс істей алады"- деп жазды депутат Аида Қасымалиева.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Бішкек көшелерін жасақ күзетіп жұр. 8 қазанға қараған түні қала көшелеріне 10 мыңға жуық жасақ шығыпты. Мұны Бішкек тұрғындарының өзі қала билігімен бірлесіп ұйымдастырған екен.
Сондай-ақ, тағы екі топтың Бас прокуратура мен Үкімет үйі ғимаратын күзетіп жүргені айтылады.
Еске салайық, дүйсенбіде Бішкек орталығында наразылық шарасы басталған еді. Наразылық білдірушілер сайлау нәтижелерін жоюды және қайта дауыс беруді талап еткен болатын. Салдарынан кешке тәртіп сақшыларымен қақтығыстар басталды. Сейсенбіге қараған түні белсенділер Ақ үйдің ғимаратына кіріп, экс-президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан босатқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также