1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қырғызстанда депутаттар президентке қатысты импичмент процесін бастады 08 қазан 2020, 08:19

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент процесін бастады. Бұл туралы "Ата-Мекен" оппозициялық партия
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Reuters © Reuters

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент процесін бастады. Бұл туралы "Ата-Мекен" оппозициялық партия депутаты Каныбек Иманалиев РИА Новости басылымына айтқан.

"Депутаттардың бір бөлігі импичментті қолдап, қол қойды. Өте қиын процедура, бірақ ол басталды деуге болады", - деді Каныбек Иманалиев.

Заң бойынша президентке қарсы айыптауға шешім шығару үшін депутаттардың көп бөлігі (жалпы санының үштен бірінен кем емес) дауыс беру керек. Сондай-ақ парламент құрған арнайы комиссияның шешімі керек. Импичментке шығарғаннан кейін үш айдан аспай тұрып, шешім қабылдануы тиіс. Егер үлгермесе, айып кейін қайтарылған болып есептеледі.

Сооронбай Жээнбековке қарсы басталған импичмент талқыланып жатқанын "Ата-Мекен" партиясынан депутат Эльвира Сурабалдиева да мәлімдеді.

"Қазір импичментті талқылап жатырмыз", - деді ол Facebook желісінде тікелей эфирде.

Сурабалдиева Twitter желісінде депутаттар Мыктыбек Абдылдаев және Айгуль Аскарова президент импичментіне қол қоюға қарсы болғанын жазды.  

7 қазанда Қырғызстан парламентінің депутаттары жиын өткізіп, елдегі жағдайды талқылады. Олар митингіге шыққандардан қауіп төнбеуі үшін жиналатын жерін құпия сақтаған.  Бірақ барлық депутат келмегендіктен кворум болмады, деп жазады АКИpress.


© akipress.org

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!