07 қазан 2020 08:06

Бішкектегі тәртіпсіздік: Қырғызстанда түнде жағдай қалай болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото turmush.kg Фото turmush.kg

7 қазанға қараған түнде Қырғызстанда тәртіпсіздік жалғасты. Осы уақытқа дейін елде премьер-министр және парламент спикері отставкаға кетті және олардың орнына жаңа басшылар келді де, президент сайлауы өтетінін және конституцияға өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


7 қазанға қараған түнде Қырғызстанда тәртіпсіздік жалғасты. Осы уақытқа дейін елде премьер-министр және парламент спикері отставкаға кетті және олардың орнына жаңа басшылар келді де, президент сайлауы өтетінін және конституцияға өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, таңға қарай Бішкекте жағдай басылды.

Бірақ оған дейін, таңғы сағат 4-ке дейін жас жігіттер Бішкектің негізгі көшелерінде ойран салған. Айтматов даңғылы мен Бәйтік батыр көшесінде оларға қарсы жасақшылар шықты. Жасақшылар түні бойы еріктілерді коммерциялық нысандарды қорғау үшін көмекке шақырды. 

Ала-Тоо алаңы, сағат 04.55


Фото: akipress.org

Сағат 04.45-ке қарай жасақшылар жас жігіттер тобын Ала-Тоо алаңының батыс тарапынан күтіп алды.

"Қазір "мародерлардың" көп бөлігі алаңда отыр, от жаққан және жанып кеткен будканың жанында жылынып отыр. Бірнеше жасақшы сол жерде және олар жағдайды қадағалап отыр", - деп жазды жасақшылардың бірі.

Айтматов даңғылының жоғарғы бөлігінде Ала-Арча резиденциясының маңында сағат 04.30-да жағдай тыныш болды.

Бішкек орталығы таңғы сағат 04.00.

Фото akipress.org

Белгісіз біреулер Қаржы полициясының ғимаратына басып кірмек болды. Бірақ жасақшылар оған жол бермеді. Жиналғандар кафені қиратуға тырысты. Митингіге шыққандар мемлекеттік резиденцияға қарай бағыт алды. Мессенджерлерде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін азаматтарды оларға қосылуға шақырды. 

Сондай-ақ халық жасақшылары Бішкектегі ірі сауда орталықтарын қорғады. Тәулік ішінде Бішкектің мыңдаған тұрғыны ерікті болуға шықты.


Фото: akipress.org

24.kg мәліметінше, Абдырахманов және Медеров көшелерінің қиылысында парламенттің экс-депутаты Садыр Жапаров пен жасақшылар арасында қақтығыс болған. Жасақшылар оларды ысырып тастаған.

Сағат 03.55-те митингіге шығушылар кішігірім топтарға бөлінген. Олардың бір бөлігі жасақшылардың арасында қалған. Қалған топтар кварталдарға бөлінген. Кейбірінде пышақ бар немесе тас алып жүр деген ақпарат та болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети