Бүгін АҚШ Ресейге қатысты жаңа санкцияларды жариялайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін АҚШ Ресейге қатысты жаңа санкцияларды жариялайды © USA Today

Вашингтон 16 cәуірде Сириядағы жағдайға байланысты "Асад қолдаушылары" - Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкцияларды жариялайды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News басылымына берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтон 16 cәуірде Сириядағы жағдайға байланысты "Асад қолдаушылары" - Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкцияларды жариялайды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News басылымына берген сұхбатында айтты.

"Қаржы министрі Стивен Мнучин дүйсенбіде санкцияларды жариялайды. Бұл санкциялар Асадқа қатысы бар және химиялық қару пайдаланған барлық компанияға қолданылады. Мұны барлығы сезеді деп те ойлаймын. Меніңше, барлығына нақты бір сигнал беріп отырғанымыз белгілі. Санкцияларды барлығын қабылдайды деп сенеміз", - деп келтіреді ИноТВ телеарнасы Никки Хейлидің сөзін.

Сондай-ақ, БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі барлық дипломатиялық шараның қаралып бітуіне байланысты АҚШ-тың Сирияға қатысты соққы жасау туралы шешім қабылдағанын айтты.

"(...) Асад химиялық қаруды бірнеше рет қолданды. Бірақ ең басты себеп - біз осыған дейін түрлі алты резолюция ұсындық. Яғни, химиялық қаруды қолдану бойынша. Сондықтан ендігі кезекте біз қолымызда бар дипломатиялық шаралардың барлығын қолданып, осылай әрекет етуді жөн көрдік", - деді Никки Хейли

Федерация кеңесінің өкілдері АҚШ-тың Ресейге қатысты жаңа санкциялары жылына кем дегенде тағы бес рет енгізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети