Отставкадағы полковник және әскери сарапшы Михаил Ходаренко "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" күмәнмен қарады, - деп хабарлайды Meduza.
Отставкадағы полковник және әскери сарапшы Михаил Ходаренко "Россия-1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" күмәнмен қарады, - деп хабарлайды Meduza.
Бағдарламаның тұрақты қонағы ресейлік әскер үшін Украинадағы жағдай нашарлай беретінін және "ол жағдайдан шығу керегін" айтады.
Сарапшы Украинадағы жұмылдыру және Киевке заманауи қару-жарақ жеткізуге байланысты алаңдаушылық білдірді.
"Жалпы стратегиялық жағдай бойынша, Украинаның қарулы күші бір миллион адамға қару ұстата алады... Америкалық ленд-лиз бен еуропалық көмек жұмыс істей бастаса, миллион украиналық әскери сарбаз болады. Ал біз оны жедел-стратегиялық есептеулерде және бұл жоспар бойынша жағдай ушыға бастайтынын ескеруіміз керек.
... Біз үшін ең басты кемшілік - біздің әскери-саяси жағдайымыз, геосаяси тұрғыда жалғыздығымыз, айтқымыз келмегенімен, бізге жалпы бүкіл әлем қарсы болып отыр... Бізге 42 ел коалициясы қарсы тұрғанда жағдайды жай қабылдауға болмайды, ал біздің әскери-саяси және әскери-техникалық мүмкіндігіміз дегенмен шектеулі. Ол жағдайдан қалай болсын шығуымыз керек", - деді Ходаренко.
Ходаренконың бұл мәлімдемесі Батыс және украиналық БАҚ-та қызу талқыға түсті:
Newsweek: Ресейліктер мемлекеттік телеарна арқылы Украинадағы соғыстағы жағдайлары мәз емес екенін біліп, таңғалды.
УНИАН: Полковник РФ капиляциясын болжады, Скабеева ашулы.
The Telegraph: "Бізге бүкіл әлем қарсы": ресейлік полковник Кремльдегі әскери көлікке қарсы пікір айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!