Бұл ең қатаң санкциялар - Трамп Иранның бизнес әріптестеріне ескерту жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл ең қатаң санкциялар - Трамп Иранның бизнес әріптестеріне ескерту жасады ©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға санкция салынатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға санкция салынатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл салынған ең қатаң санкциялардың бірі, ол қарашада одан ары көтеріледі. Иранмен кәсіп жасаған кез келген адам Құрама Штаттармен бизнес жасамайды. Мен әлемде бейбітшілік болғанын талап етемін, одан басқа ештеңе керек емес!", - деп жазды Трамп Twitter-дегі парақшасында. 

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың басында Вашингтонның Иранмен жасасқан ядролық бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген. Ол Тегеранға қарсы барлық санкцияның қайта іске қосылатынын атқан. Оның қатарында қайталама санкциялар да бар, яғни ол Иранмен бизнес жүргізетін басқа да елдерге қатысты. 

Санкцияның бірінші бөлігі 6-дан 7 тамызға қараған түні қалпына келтіріліп, дереу күшіне енген. Ал екінші бөлігі  5 қарашада іске қосылады. Оған Иранның энергетикалық секторы және мұнай келісімінен тұратын санкциялар жатады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети