11 қараша 2017 | 13:54

Бүркітші қазақ қызы Гарвард пен Оксфордқа білім алуға шақырту алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© latimes.com © latimes.com

Моңғолияда тұратын бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғаева өзі туралы фильм шыққанан кейін Гарвард пен Оксфорд университеттерінде білім алуға шақырту алды, - деп хабарлайды ARD. Қазір Айшолпан 11-сыныпта оқып жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Моңғолияда тұратын бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғаева өзі туралы фильм шыққанан кейін Гарвард пен Оксфорд университеттерінде білім алуға шақырту алды, - деп хабарлайды ARD. Қазір Айшолпан 11-сыныпта оқып жатыр. 

Жақында Айшолпан Азияның беделді Asia Game Changer Awards 2017 жүлдесін иеленді. Сонымен қоса, оны Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух қабылдап, құттықтады және әкесіне осындай қыз өсіріп жатқаны үшін алғыс білдірді. 

"Киноға түсу қызықты болғанымен, мен әлі де дәрігер болғым келеді", - дейді Айшолпан. Сонымен қатар, ол туып өскен жеріне еңбек сіңіргісі келетінін де айтты. 

Айшолпан бірнеше жыл бұрын бүркітшілер сайысында бірінші орын алғаннан кейін әлемге белгілі бола бастады. Ол жарыстың ең жас қатысушы болды және барлық шетелдік БАҚ-тың назарына түскен. Тіпті ол туралы фильм "Оскар" жүлдесінің қысқа тізіміне де енген болатын. 


© The New York Times/Sony Pictures Classics/Emertainment Monthly/latimes.com

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети