БҰҰ ауған банк жүйесі күйрейтінін ескертті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстандағы банктерге қолдау көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстандағы банктерге қолдау көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымы несиені өтей алмайтындар санының күрт өсуі, депозиттердің азаюы және қолма-қол ақшадағы өтімділік дағдарысы бірнеше ай ішінде Ауғанстандағы қаржы жүйесінің күйреуіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Ауғанстанның банктік және қаржы жүйесі туралы үш беттік баяндамасында банктік құлдыраудың экономикалық шығындары және одан туындайтын жағымсыз әлеуметтік әсер көп болатынын мәлімдеді.

©REUTERS

"Біз банк секторын қолдау арқылы тәліптерге қолдау көрсетпейтінімізге көз жеткізудің жолын табуымыз керек. Біз барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек", - деді БҰҰ Даму бағдарламасының Ауғанстан бойынша басшысы Абдулла әл Дардари.

БҰҰ Даму бағдарламасының есебінде ақшаны шығаруға шектеу қойылса, жыл соңына дейін Ауғанстандағы депозиттік базаның 40 пайызы жоғалады делінген. Әл Дардаридің айтуынша, Ауғанстан экономикасында шамамен 4 миллиард доллар болса да, айналымда бар болғаны 500 мың доллар ғана бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы ашаршылықты ауыздықтауға тырысқанда, әл Дардари сонымен қатар банктік құлдыраудың сауданы қаржыландыруға салдары туралы ескертті.

©REUTERS

Сонымен қатар, БҰҰДБ-ның ауған банк жүйесін құтқару бойынша ұсыныстары депозиттерді сақтандыру схемасын, қысқа және орта мерзімді қажеттіліктер үшін жеткілікті өтімділікті қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ несиелік кепілдіктерді және несиелерді кейінге қалдыру опцияларын қамтиды.

©REUTERS

Айта кетерлігі, күйреудің алдын алу жолдарын іздестіру "Талибан" жетекшілеріне қарсы халықаралық және біржақты санкциялармен қиындап отыр. (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған).

Еске салайық, БҰҰ Ауғанстан экономикасы құлдыраудың алдында тұрғанын, бұл босқындар дағдарысын күшейтіп, елде азық-түлік тапшылығын тудыруы мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro