БҰҰ Бас хатшысы жаңа штамға байланысты сапарларды шектеу әділетсіз екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жаңа COVID-19 "омикрон" штамының таралуына байланысты қойылған жаңа саяхат шектеулерін "әділетсіз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Гутерриштің айтуынша, саяхат пен экономикалық ынтымақтастыққа мүмкіндік бере отырып, вирустың таралу қаупін азайтудың жалғыз жолы - саяхатшыларды толығымен вакцинациялау. 

"Бізде қауіпсіз сапарларға арналған барлық құралдар бар. Бұған жол бермеу үшін осы құралдарды қолданайық", - деді Гуттериш.

Реклама
Реклама

Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы COVID-19 жаңа штамының шығуына байланысты сапарларға тыйым салу "әділетсіз ғана емес, сонымен қатар тиімсіз" екенін айтты.

Бұған дейін ДДҰ COVID-19 жаңа штамына байланысты шұғыл кеңес ұйымдастырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама