ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2021 | 10:05
БҰҰ Бас хатшысы мигранттарға байланысты жағдайды саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Беларусь пен Еуропалық Одақ шекарасында болып жатқан мигранттарға байланысты оқиғаны саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Беларусь пен Еуропалық Одақ шекарасында болып жатқан мигранттарға байланысты оқиғаны саяси мақсатта пайдаланбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы оның өкілі Стефан Дужаррик мәлімдеді. Оның айтуынша, БҰҰ біраз уақыттан бері Беларусь-Польша шекарасындағы босқындарға қатысты жағдайды бақылап отыр.
"Бірқатар негізгі қағидалар бар: халық ешқашан саяси мақсатқа жетудің құралы ретінде пайдаланылмауы керек, әсіресе, баспана не қауіпсіздік іздеп жүрсе де, қиын жағдайда тұрса да", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Белоруссия мен Польша, Литва және Латвия шекараларындағы көші-қон дағдарысы соңғы бірнеше аптада күрт шиеленісе түсті. БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының (UNHCR) шақыруына қарамастан, Польша әскери қызметшілері Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан Польшаға көрші Беларусьтен кіретін заңсыз мигранттармен күресу үшін қоршау орнатуға шешім шығарған.
Бұған дейін Польша премьер-министрі шекарадағы мигранттармен жағдайды соғыстың "жаңа түрі" деп атаған болатын. Сондай-ақ, Кузницадағы өткізу пункті жабылғаннан кейін Польша-Беларусь шекарасында жүк көліктерінің үлкен кезегі пайда болды. Бұл туралы Польша шекара күзеті Подляск комендатурасының баспасөз хатшысы Катажина Зданович мәлімдеген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также