15 қазан 2021 11:46

Польшада Беларусьпен шекарада қоршау салынады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Польша Ұлттық Ассамблеясының төменгі палатасы заңсыз көші-қоннан сақтану үшін Беларусьпен шекарада қоршау салу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.


Польша Ұлттық Ассамблеясының төменгі палатасы заңсыз көші-қоннан сақтану үшін Беларусьпен шекарада қоршау салу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Қазір Беларусь пен Польша шекарасында тікен сымнан уақытша қоршау орнатылды. Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминский Беларусьпен шекарадағы қозғалысты бақылау, анықтау жүйесімен жабдықталған қоршау салынғанын мәлімдеді.

©REUTERS

Құрылыстың құны 400 миллион долларға болжанып отыр. Оның 25 миллионы қоршауды техникалық құралдармен жабдықтауға жұмсалады. Қаражат мемлекет бюджетінен бөлінеді.

©REUTERS

Польша-Беларусь шекарасының жалпы ұзындығы 418 шақырым. Польша Қорғаныс министрлігі қыркүйектің ортасынан бастап шекарада биіктігі 2,5 метр тікен сымнан қоршау салып жатыр. Жоспарлы 180-190 шақырымның 80 шақырымынан астамы орнатылды.

©REUTERS

Польша парламенті шекарада мигранттарды қайтаруға рұқсат беретін заң қабылдады. Түзетулер негізінде шекараны заңсыз кесіп өтіп ұсталған адамға жергілікті шекара қызметі басшысының шешімімен Польша аумағынан кетуге нұсқау берілуі мүмкін.

©REUTERS

Бұйрықта шекара күзетінің командиріне шағымдануға болатындығы көрсетілген, бірақ бұл оның жүзеге асырылуын шектемейді. Сонымен қатар, заң жобасы басқарма бастығына олардың халықаралық деңгейде қорғау туралы өтінішін елемеуге мүмкіндік береді.

Халықаралық құқыққа сәйкес, мигранттар баспана талап ете алады және олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін жерге қайта жіберуге тыйым салынады.

Еске салайық, Польша мен Балтық жағалауы елдерінде кейінгі айларда Белоруссиядан келген мигранттардың саны артып жатыр. Бұған жауап ретінде Польша 30 жыл ішінде алғаш рет шекара қорғауын күшейтіп, БҰҰ мен ЕО сотының Беларусьпен шекарадағы мигранттарға көмектесуге шақырғанына қарамастан, елде төтенше жағдай енгізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети