18 ақпан 2021 09:31

БҰҰ Дубай билеушісі қызына қатысты жағдайды тергеуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Daily Mail ©Daily Mail

БҰҰ Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) корольдік премьер-министрі, миллиардер Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактумның қызы, Латифа ханшайымның тағдырына қатысты ресми сауал жолдайды, - деп хабарлайды Daily Mail.


БҰҰ Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) корольдік премьер-министрі, миллиардер Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактумның қызы, Латифа ханшайымның тағдырына қатысты ресми сауал жолдайды, - деп хабарлайды Daily Mail.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқарма өкілі Руперт Колвиллдің айтуынша, ұйым BBC ұлыбританиялық телерадиокомпаниясы жариялаған ханшайымның видеоүндеуін егжей-тегжейлі талдағаннан кейін жағдайға араласуға шешім қабылдады. Видеода ол әкесін Дубайда үй қамауында ұстап отыр деп айыптаған.

Келіншектің айтуынша, 2018 жылы патшалықтан қашуға тырысқаннан кейін бас бостандығынан айырылған. Ол қазіргі уақытта виллада қамауда отырғанын айтты. Үй терезелері және есігі тормен жабылған. Үй ішінде күзет барын және тек дәретханада жеке қалатынын хабарлады. Видеода ханшайым өзі өмірі үшін қорқатынын айтады.

Латифа жолдаған видеоүндеуді BBC тергеу бағдарламасына оның жақын досы Тийна Яухиайнен, анасының немере ағасы Маркус Эссабри және Free Latifa ("Латифаға бостандық") белсендісі Дэвид Хей жеткізді. Олар Латифаның қауіпсіздігіне алаңдайтынын, сондықтан бұл хабарламаны жариялауды ұйғарғанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ханшайымның тағдырына алаңдайтынын айтты. Бірақ асығыс қадам жасамай, БҰҰ тергеуінің қалай жалғасатынын күтіп, шешім шығаратынын мәлімдеді.

2019 жылы Дубай әмірінің алтыншы әйелі де Ұлыбританияға қашып барып, ұлыбританиялық сотта жұбайына қарсы іс қозғаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети