БҰҰ дүниежүзін келесі пандемияға дайындалуға шақырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Гутеррештің пікірінше, әлем келесі пандемияға дайындалып, әр елде бақылауға, ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін нығайтуы керек.

Сонымен қатар, ол пандемиямен әділ және тең жағдайда күресуге шақырды.

Гутерреш бұған дейін ДДСҰ 2021 жылдың соңына қарай жер тұрғындарының 40 пайызын және осы жылдың ортасына қарай 70 пайызын вакцинациялауды көздейтін стратегия жариялағанын еске салды.

"Біз бұл мақсаттарды көздемейміз. Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакцина салдыру деңгейі Африка елдеріне қарағанда жеті есе жоғары. Бізге вакцинаны тарату мәселесінде әділ болу қажет", - деді ол.

Гутерреш мемлекеттер мен өндірушілер COVAX механизміне вакцина жеткізуге басымдық беріп, бүкіл әлем бойынша сынақ, вакцина, емдеу әдісінің жергілікті өндірісін қолдауы керек екенін айтты.

"Фармацевтикалық компаниялар дамушы елдермен лицензия, технология алмасу бойынша ынтымақтастық орнатуы керек, сонда ғана бәріміз осы пандемиядан шығу жолын таба аламыз", - деді спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro